Кураторлық сағат
2018 жылдың 29 қарашасында сағат 11.00-де заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Е.К.Дәурембеков ЮК-18-01 және ЮК-18-02 тобының студенттерімен «Қазіргі заманғы жастардың арасында қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағат барысында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында қылмыстық және әкімшілік заңнаманың нормалары түсіндірілді, білім алушылардың әумесерлік мінез-құлықтарына байланысты мәселелер қозғалды, сонымен бірге жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған бейнематериал көрсетілді.
Кураторлық сағат талқылау, пікір алмасу формасында өтті. Осы іс-шараға студенттер, олардың ата-аналары, сонымен бірге Еуразия гуманитарлық институты заң пәндері кафедрасының профессорлар-оқытушылар құрамы белсенді қатысты.