2018 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Заңнама институты Ғылыми-әдістемелік кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті
2018 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында «Қазақстан Республикасының заңнамасына адам құқығының (азаматтық және саяси құқықтары) аясында халықаралық келісімшарттардың нормаларын енгізу» тақырыбында Халықаралық заңнама және салыстырмалы құқықтану бөлімінің күрделі және қолданбалы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін талқылау бойынша Қазақстан Республикасының Заңнама институты Ғылыми-әдістемелік кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті.
Өткізілген ғылыми зерттеудің қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжілісте көрсетілген адам құқығы аясында Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын жетілдіруде қорытындылар мен ұсыныстар тұжырымдалды.
Мәжіліс жұмысына Заң пәндері кафедрасының оқытушылары з.ғ.к., доцент Е.В. Крушинская және з.ғ.м., аға оқытушы А.М.Айткулова қатысты.