Оқытудағы технологиялар талқыланған кездесу өтті
2019 жылдың 23 қаңтарында педагогика кафедрасының профессорлар-оқытушылар құрамы шақырылған профессор, педагогика ғылымдарының докторы, оқытудың бірегей әдістемесінің авторы Галиев Темір Тілекұлының жетекшілігімен оқытудағы жүйелі амалдың технологиясын қолдану мәселелерін талқылады. Бұл кездесу ертерек өткен және оқытушылар арасында шынайы қызығушылық оятқан «Озық білім беруде жүйелі ойлау мен жасампаздықты қалыптастыру» атты ғылыми әдістемелік семинарының жалғасы болды.