Дәрігерлер әңгімелесу жұмыстарын жүргізді
2019 жылдың 12 ақпанында Еуразия гуманитарлық институтының конференц-залында студенттер мен профессорлар-оқытушылар құрамының «Қызылшаның алдын алу» тақырыбында терапевт дәрігерлермен кездесуі өтті.
Шақырылған қонақтар қызылша белгілерінің спецификалық ерекшеліктері мен аурудың алдын алу туралы әңгімеледі. Алдын ала ескертілген – қаруланатыны бәрімізге белгілі. Дәрігерлердің пікірінше, инфекциямен күрестің қолжетімді және тиімді әдісі екпе болып табылады. Қызылшамен ауырмағандар, екпе алмағандар немесе қызылшаға қарсы екпе туралы естімегендер 18-35 жаста екпе алулары тиіс.