Профилактикалық акция
2019 жылдың 12 ақпанында Еуразия гуманитарлық институтында Астана қаласы Полиция департаментінің аға инспекторы, полиция майоры А.А. Серікпаеваның және Астана қаласы әкімдігінің өкілі А. Тастемірдің қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шара өтті. Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара соңында студенттер осы мәселе бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды.