БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС

Үстіміздегі жылдың наурыз айының 5 жұлдызында қазақ және орыс филологиясы кафедрасының филиалы орналасқан Астана қаласы №48 мектеп-лицейінде Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда CLIL әдісін қолдану» атты қалалық семинар өткізілді. Семинар жұмысына доцент, филология ғылымдарының кандидаты Лаура Ноғайбекқызы мен педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Аслан Есімханұлы қатысты.

Семинар барысында мектеп директоры Зауре Жақанқызы мен кафедра меңгерушісі Лаура Ноғайбекқызы білім ордаларының арасындағы ынтымақтастық пен үш тілділікті дамыту жөнінде жоспарларымен бөлісті. Білім мен тәрбиені меңгертіп, үлкен өмірге қанаттандыратын мектеп болса, білікті маман даярлайтын ЖОО-лардың арасындағы тығыз байланыс орнату бүгінгі білім беру жүйесінің өзекті тұсы, сондықтан осындай семинарлардың берері мол.