Студенттерге арналған дамытудың жаңа импульсі
Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялағаны бәрімізге белгілі. Осымен байланысты педагогика кафедрасы болашақ педагог-психологтардың кәсіби дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық іс-шараларды нығайтты. 2019 жылдың 20-22 ақпаны аралығында «Педагогика және психология» мамандығы ПП-16-01 тобының студенттері НЛБ және коучинг орталығында «Қарым-қатынас психологиясы» тақырыбында үш күндік мастер-класқа қатысты. Бұл мастер-кластың жаттықтырушысы Эриксон гипнозының сертификатталған гипнотерапевті, НЛБ-практик, коуч Буркина Стелла болды. Мастер-класта студенттер қарым-қатынасты жақсарту құралдарымен жұмыс істеуге, қарым-қатынастың қажеттігін сезінуге, балалармен байланыстың ерекшеліктерін саралауға мүмкіндік алды.