Мектептегі білім беруде бағалаудың жаңа әдістері туралы
2019 жылдың 18 наурызында «Критериалды бағалаудың технологиясы» пәнінің аясында ПП-17-01 және И-17-01 топтарында педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының доценті Изделеуова Ақмарал Бақытжанқызының жетекшілігімен жалпы білім беретін мектепте суммативті және формативті бағалауды ұйымдастырудың әдістеріне арналған мастер-класс өткізілді. Мастер-класс Астана қаласы №60 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі, «Педагогика және психология» мамандығы сырттай оқу бөлімінің студенті Ахмет Сәуле Жантуарқызының қатысуымен өткізілді.
Студенттер бастауыш мектепте информатика сабақтарында бағалау критерийлерімен, балаларда сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру әдістерімен және оқу үдерісіндегі рефлексия тәсілдерімен танысты. Сабақ студенттердің қызығушылықтарын оятты және бағалау құралдарымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеруге ықпал етті.