Дәстүрлерді жандандырамыз
2019 жылдың 14-15 наурыз күндері педагогика кафедрасының студенттері «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында іс-шаралар өткізді.
14 наурызда «Тарих» мамандығының 2-ші және 3-ші курс студенттері ұзақ қыстан кейінгі көрісу дәстүрі туралы әңгімеленетін «Көріс айт» қысқа спектакліне барлық тілек білдірушілерді шақырды. Бұл мереке көктемнің, күн мен жылулықтың келгеніне дәлел болады.
15 наурызда «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығының 1-курс студенттері де көктемнің көрісу дәстүрінің тағы бір түрін көрсетті.
Біз ұлттық дәстүрлерді жандандыра отырып, қоғамда рухтандырушылықты, сұлулықты эстетикалық жақтан көруді дамытуға ықпал етеміз.