«Жастар» жылына орай: «Мен елімнің дара тұлғасымын!» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг

Үстіміздегі жылдың 25 ақпан күні әлеуметтік ғылымдар магистрі, аға оқытушы Ж.Т.Сүлейменова өзінің кураторлық ППК-16-01 тобымен «Жастар» жылына орай, «Мен елімнің дара тұлғасымын!» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында әрбір студент өзін тұлғалық сапаларға ие «дара тұлға» екендігін сезінді. Болашақ кәсіби құзыретті маман атануға деген мотивациясы артты және алдағы 10 жылда жеткісі келетін арман мақсаттарын нақтылап, оған жетудің тетіктерін айқындады.