Еуразия гуманитарлық институтының профессоры Мақсат ҚАСЕН Орталық Батыс өңірі, Чикаго қаласының Иллинойс штатында (АҚШ) өткен жыл сайынғы симпозиумға Әлеуметтік ғылымдардың американдық қауымдастығы секциясының төрағасы ретінде қатысты

2019 жылдың 3-7 сәуірі аралығында Еуразия гуманитарлық институтының профессоры Мақсат ҚАСЕН Орталық Батыс өңірі, Чикаго қаласының Иллинойс штатында (АҚШ) өткен жыл сайынғы симпозиумға Әлеуметтік ғылымдардың американдық қауымдастығы секциясының төрағасы ретінде қатысты. Бұл беделді халықаралық ғылыми форумға Гарвард, Калифорния, Кембридж, Оксфорд, Чикаго, Нью-Йорк Массачусетск сынды әйгілі ЖОО-лардың және әлемнің барлық елдерінің басқа да университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының 7 мыңнан астам ғалым-полиглоты қатысты.

Саяси ғылымдар қауымдастығының жыл сайынғы съезі болашақ бағыттарды талқылауға, қоғамдық және мемлекеттік қызметтің түрлі салаларында саяси технологияларды дамытуда тәжірибе алмасуға арналған жаһандық саяси алаң.

Қауымдастықтың жұмысы аясында жыл сайын сәуір айының басында халықаралық ғылыми симпозиум өткізіледі. Саясат ғылымын жалпы және мемлекеттік саясатты жекелеп дамытудың әртүрлі мәселелерін талқылау үшін әлемнің 100-ден астам танымал ғалымдарын біріктіреді.

2019 жылдың наурызында Мақсат Қасен конференцияның ұйымдастырушыларынан саяси және ғылыми форумға қатысуға және салыстырмалы саясаттану саласында төраға мен сарапшы ретінде сөз сөйлеуге шақыру алды (конференция бағдарламасын осы жерде қараңыз).

Бұл іс-шара салыстырмалы ғылыми амалдың призмасы арқылы мемлекеттік басқаруда саяси шешімдерді қабылдаудың технологияларын және саяси ақпараттарды талдаудың әртүрлі әдістерін практикада қолдану мен апробациялау мәселелерін зерттейтін саясаттанушыларға арналды. Салыстырмалы саясаттың мәселелері бойынша төраға мен сарапшы ретінде қатысқан профессор Мақсат ҚАСЕН “Comparing policy outputs” ғылыми секциясы (ағылшын тілінен аударғанда «Саяси

әрекеттер нәтижелерін салыстыру») жария саясатта нақты әрекеттердің нәтижелерін талдау мен саяси шешімдер қабылдаудың заманауи технологияларын қабылдаудың аясында өзекті және келешегі бар бағыттарды зерттеуге арнады.

Секцияның және кеңейтілген ғылыми талқылаудың жұмысында АҚШ, Канада, Германия, Финляндия, Нидерланд және басқа да көптеген елдердің, атап айтқанда Мичиган, Колумбия, Колорадо және көптеген басқа университеттердің беделді ЖОО-лары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының әйгілі ғалымдары қатысты.

Сонымен қатар АҚШ-қа жасалған ғылыми сапар аясында ЕАГИ ғалымы, профессор Максат Касен Чикаго мен Иллинойс университетінің профессорлар-оқытушылар құрамымен, докторанттарымен және магистранттарымен, сондай-ақ Солтүстік-Батыс Университетінің ғалымдарымен кездесті (Эванстон қ., Иллинойс штаты).

Кездесу барысында саяси ғылымның әртүрлі салаларындағы салыстырмалы саясатты меңгеру аясында, атап айтқанда, әлемнің әртүрлі елдеріндегі ішкі және сыртқы саясатындағы ойластырылған және ғылыми-негізделген саяси шешімдерді қабылдау нәтижелерінің аясындағы ғылыми ынтымақтастық келешегі талқыланды. Сонымен бірге осы салада өзара тиімді ғылыми жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндіктері талқыланды.

Американдық миллиардер Джон Рокфеллер негізін қалаған Чикаго университеті 1890 жылы Чикагодағы (Иллинойс штаты, АҚШ) жеке зерттеу университеті болып табылады. Университет – әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Университеттің баспасы АҚШ-тың ірі университеттік баспасы болып саналады. Нобель сыйлығы бойынша бұл университет әлемдегі төртінші орында – оның қызметкерлері мен түлектерінің 89-ы осы беделді халықаралық сыйлықтың лауреаттары болып табылады. 2019 жылы Чикаго университеті QS Әлем университеттерінің халықаралық академиялық рейтингісінде 9-орынды иеленді.

Иллиной университеті әлемдегі мемлекеттік ЖОО-лардың бірі және бұл мекемеде 80 мыңнан астам студенттер білім алады, сонымен бірге 2,5 мыңнан астам оқытушылар жұмыс істейді, олардың 11-і нобель сыйлығының лауреаттары. 2019 жылы Иллиной университеті QS Әлем университеттерінің халықаралық академиялық рейтингісінде 28-орынды иеленді.

Солтүстік-Батыс университеті (англ. Northwestern University) Иллинойс штатының Эванстон қаласында орналасқан жеке меншік америқандық зерттеу университеті. Әлемнің 20 үздік университеттерінің қатарына енеді. Иллинойс штатындағы ежелгі

университеттердің бірі болып табылады. 1851 жылы негізі қаланған. Бұл университетте Нобель сыйлығының 19 иегері мен Пулитцеров сыйлығының 38 лауреаты білім алған, оқытушы болып жұмыс істеген және ғылыми-зерттеу қызметімен айналысқан.

 

 

 

 

Бұдан басқа 2019 жылдың 4 сәуірінде профессор Мақсат ҚАСЕН сенатор Фулбрайттың атындағы Халықаралық білім беру бағдарламасы қауымдастығының штаб-пәтерінде ресми сөз сөйлеу үшін шақырылды, онда ол осы бағдарламаның түлегі ретінде өзінің ғылыми жетісіктерінің нәтижелерін көрсетті. Сонымен бірге осы іс-шараның аясында “Open Data Politics” (ағылшын тілінен аударғанда “Ашық мәліметтер саясаты ”) кітабының тұсаукесері өтті. Бұл монография беделді ағылшын тілінде шығатын әлемдік ғылыми қоғамдастық қабылдаған Springer (Швейцария) академиялық баспасында жарық көрді. Бұл іс-шараға АҚШ және әлемнің басқа да елдерінен осындай білім беру бағдарламасының профессорлары, докторанттары, түлектері, сонымен бірге американдық ЖОО-ның проректорлары мен декандары шақырылды. Сондай-ақ осы ғылыми сапар аясында АҚШ-тың және шетелдегі саяси оқиғалардың мәселелерін қамтыған жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесу өтті.


Максат Қасеннің мақалалары (импакт-факторы жоғары халықаралық журналдарда):

Егер сізді осы зерттеу тақырыбы қызықтырса, төмендегі гиперсілтемелерде соңғы екі онжылдықта саясаттанушы Мақсат Қасеннің басқа жарияланымдарын оқуға болады, оның ішінде 20-дан астам жоғары импакт-факторы бар беделді халықаралық журналдарда жарияланған ағылшын тіліндегі ғылыми мақалаларымен танысуға болады (Web of Science және Scopus ғаламдық ғылыми дәлелдемелер индекстеріне сәйкес):


Мақсат Қасеннің кітаптары:

Сондай-ақ төмендегі сілтемелер бойынша сіз АҚШ, Ұлыбритания және Швейцарияда түрлі жылдарда ағылшын тілінде жарияланған автордың ғылыми кітаптарын сатып алуыңызға болады: Rowman & Littlefield Publishers (Нью-Йорк ), Routledge (Лондон) және Springer (Женева):

Бұл кітаптарды Amazon, Walmart, Barnes & Noble, Target, eBay, Google Play, Apple Store және Microsoft сияқты әлемдік нарықта сатып алуға болады.

 

 

 

 

 

 

 


Биографиялық ақпарат:

Мақсат ҚАСЕН – саясат ғылымдарының талдаушысы, саясаттану ғылымдарының кандидаты, Еуразия гуманитарлық институтының профессоры (Астана, Қазақстан). Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы аспирантурасының түлегі. Фулбрайт сенатор (Вашингтон, АҚШ) атындағы ғылыми-зерттеу бағдарламасының стипендианты. 2011-2012 жылдары Иллинойс университетінде (Чикаго, АҚШ) және 2011 жылы Оксфорд университетіңде ғылыми-зерттеу институтында (Ұлыбритания) ғылыми тәжірибеден өтті.

Әр жылдары ағылшын тілінде саяси мәселелер бойынша бірнеше беделді шетелдік және отандық университеттер мен ғылыми институттарда, соның ішінде Массачусетс Университеті (Бостон, АҚШ), Вудбери университеті (Лос-Анджелес, АҚШ), АҚШ-тың электронды үкімет орталығында (Амхерст, Массачусетс штаты, АҚШ), Мәскеу мемлекеттік университетінің астаналық филиалында және көптеген басқа университеттерде дәріс оқыды. Сондай-ақ, бұған дейін мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда және Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2003-2004 жж. ҚазАқпарат – Ұлттық ақпараттық агенттіктің шетелдік ақпараттық қызметін басқарды.

Мақсат ҚАСЕН ағылшын тілін еркін меңгерген, АҚШ-та, Еуропада, Ресейде және Қазақстанда жетекші ғылыми журналдарда жарияланған, соның ішінде импакт-факторы жоғары 20-дан астам халықаралық журналдарда мемлекеттік ақпарат пен цифрлық саясат феноменін, электрондық үкіметті, жас ұрпақтың және халықаралық қатынастардың саяси білімін зерттеуде 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Әлемдік, Еуропалық және Американдық саяси ғылымдар қауымдастығының тұрақты мүшесі. Сан-Франциско, Чикаго, Денвер, Оксфорд, Ганновер және басқа да жерлерде әртүрлі жылдарда ұйымдастырылған халықаралық ғылыми симпозиумдар мен форумдарда бірнеше рет секцияның төрағасы және спикері болған. АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Нидерланды сияқты елдерде жоғары импакт-факторы бар саяси ғылымдар, дипломатия және халықаралық қатынастар саласындағы беделді шетелдік ғылыми журналдардың тәуелсіз сыртқы шолушысы болып табылады. 2017 жылдың желтоқсан айында ғылымға және жас мамандарды даярлауға ерекше үлес қосқаны үшін Ахмет Байтұрсынов атындағы күміс медальмен марапатталды. Ал 2018 жылдың қараша айында профессор Мақсат Қасен халықаралық деңгейде ғылыми-зерттеу жұмыстарының көрнекті жетістіктері үшін «SCOPUS AWARD 2018: Contribution to Science» атты халықаралық ғылыми сыйлықтың лауреаты атанды.

Беделді марапатты импакт-факторы жоғары 2500-ден астам халықаралық журналдардың ғаламдық ғылыми дәйексөз индексіне жетекшілік ететін сонымен қатар SCOPUS дерекқоры ретінде ғылыми қоғамдастықта белгілі, әлемге танымал Elsevier (Нидерланды) ағылшын академиялық агенттігі ұсынды (Халықаралық марапаттау рәсімінен алынған бейнеге сілтеме).

Профессор Максат КАСЕН-нің әлемдік ғылыми дәйексөз индексі – 7 (h-index) Хирш индексі деп танымал. Автордың дәйексөз индексіне сілтеме Google Scholar: https://scholar.google.com/citations?user=XIROq0kAAAAJ&hl=en