“Отан қорғаушылар” мемориалы
8 мамыр күні Еуразиялық гуманитарлық институтының “Құқықтану” мамандығының ЮК-16-01, ЮРС-17-01 топ студенттері және топ кураторлары Гүлмира Әділбекқызы және Арнагүл Кенжебекқызы “Отан қорғаушылар” мемориалына барып, ескерткішке гүл шоғын қойып, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым еткен болатын. Сол күннің ызғарлы желі бізге сұм соғыстың қатпарлы қиындықтарын сездіргендей! Сүйегімізден өткен суық жел бізге орны толмас қайғының талай жылдар өтсе де көзімізге жас алмай еске алу мүмкін еместігін білдіргендей! Әрине, елі үшін жанын қиған әрбір отан қорғаушы есімізде мәңгілікке сақталып, жүрегіміздің төрінен орын алатыны айқын. Сол бір сұмдық қанды тарих беттері жүрегімізге мұң ұялатып, жадымыздан өшірілмек емес. Батыр бабаларымыздың ерен ерліктері, қайтпас қайсарлықтары тарих атты қыша тасқа ойылып жазылды. Олардың есімдері ұмытылмады, ұмытылмайды да. “Отан қорғаушылар” мемориалы символикалық мазмұны кешегі мен бүгінгі және ертеңгі ұрпақтар жалғастығын білдіреді. Әрине, өткен тарихымызды ұмытпай, болашақта еліміздің бейбітшілік пен татулықта өмір сүруі және өркендеп дамуына біздер толықтай жауаптымыз. Қазақ елін әлемдік деңгейге танытып, әлемдік сахнада өзіндік ұлттық болмасын қалыптастыру біздің басты міндетіміз. Себебі, бізге ата- бабаларымыз ең қымбат, ең асыл қазынаны табыс еткен болатын. Ол-тәуелсіздік еді. Ендігіде тәуелсіздік туын биікке көтеру әрбір қазақстандықтың парызы! “Отан қорғаушылар” мемориалына бара отырып, біздер еліміз үшін, жеріміз үшін және де өткен тарих алдында жауапкершілігімізді одан әрі ұғынғандаймыз. Біздің өткен тарихқа кішігірім саяхатымыз әлі де жалғасын табатынына толықтай сенімдіміз!