Президенттің жолдауына арналған кураторлық сағат
2019 жылдың 13 қыркүйегінде “Шетел тілі: екі шетел тілі” мамандығының 3 курс ИЯК-17-02 топ студенттерімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына орай кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатта баяндама жасалып, жолдау толықтай талқыланды. Кураторлық сағат барысында топ студенті Изтлеова Қанағат Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы жайында баяндама оқып, презентация көрсетті. Рақымжанова Лейла мен Абдужаббарова Дильноза жолдауды талқылады. Кураторлық сағаттың соңында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы жайында сұрақтар қойылып, жауаптар қайтарылды. ИЯК-17-02 тобының кураторы, шетел тілдер кафедрасының аға оқытушысы Умбетова Қарлыға Ескендірқызы кураторлық сағаттың қорытындысы ретінде өтілген кураторлық сағат барысында студенттермен жасалған жұмысқа баға бере отырып, қорытынды сөз сөйледі.