Президент Жолдауын талқылау
2019 жылғы 11 және 13 қыркүйекте ПД-19-01 және ПДТ-19-01 топтарында Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауын талқылауға (02.09.19ж.) арналған кураторлық сағат өтті. Пікірталасқа топтың барлық студенті, старосталар және топ кураторлары Н.В. Никулшина мен К.В. Мелнова қатысты. Алдымен топ студенттері София Арапханова, Дастан Боранбеков және Дина Габдуллова студенттерді Президент айтқан негізгі ережелермен таныстырды. Кездесу барысында екі топтың студенттері денсаулық сақтау, білім беру, шағын бизнесті дамыту және қолдау сияқты мәселелерді талқылады.