Еуразия гуманитарлық институты бос қызмет орындарына конкурс жариялайды
Кафедра меңгерушілері:
- Педагогика кафедрасының – 1 шт. бірілік
- Қазақ және орыс филология кафедрасының – 1 шт. бірілік
Кафедра профессорлары:
- Педагогика кафедрасының – 1 шт. бірілік
Кафедра доценттері:
- Заң пәндері кафедрасының – 2 шт. бірілік
- Шетел тілдері кафедрасының – 4 шт. бірілік
- Қазақ және орыс филология кафедрасының – 5 шт. бірілік
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады (ерікті нысанда). Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:
- кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
- өмірбаян;
- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
- № 086 нысанындағы медициналық анықтама;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
- Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар және т.с.с.) бере алады.
- Конкурсқа қатысу туралы өтініштер хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай ішіндегі мерзімнен кешіктірілмей берілуге тиіс.
Біздің мекен жайымыз: 010009 Астана қ., . М. Жұмабаев даңғылы, 4, тел. 561-933, 571-225