Жемқорлыққа қарсы «Адалдық сағаты»
2019 жылдың 24 қазанында Еуразия гуманитарлық институтының 2,3 курс студенттеріне, жастардын бойында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілік, адалдық, әділдік, парасаттылық және отансүйгіштік сияқты құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаттары» атты жемқорлыққа қарсы бірыңғай сағаты өткізілді.
Студенттермен кездесуге «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астаналық филиалының директоры Д. Рахметуллин және «Байқоңыр» аудандық филиалының директоры М. Есенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері А. Кенебаева, заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Г.Канафина қатысты.
Іс-шарада студенттерге парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға баса назар аударылды. Жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.