Халықаралық студенттер күні
17 қарашада бүкіл әлем студенттері өздерінің төл мерекесі – «Студент күнін» атап өтеді. Бұл күн Еуразия гуманитарлық институтының студенттері үшін де ерекше болды.
19 қарашада осы мерекеге байланысты конференц-залда концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова және ЖІК төрағасы Н.Т. Тырнахан құттықтау сөз сөйледі. Институттың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін түлектер, студенттік қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, ЖІК белсенділері алғыс хаттармен марапатталды.
Концерт Халықаралық студенттер күнінің идеяларын нақты бейнеледі – осы кеш халықаралық ынтымақтастықты көрсетті, әр нөмір сезімге, достық пен бейбітшілік тақырыбына толы болды. Би, поэзия, вокал және ойындар осы шараның рухын толық танытты.
Студенттік жылдар – көптеген жаңалықтар ашатын, көңілді ететін және жаңа достар табуға мүмкіндік беретін тамаша шақ! Студенттерімізге студенттік жылдардағы өмірлеріңіз жарқын болсын дегіміз келеді!