«Қымбатты Тұңғыш Президент» мейірімділік керуені республикалық форумы
2019 жылдың 28 қарашасында Бейбітшілік және келісім сарайында қайырымдылық ұйымдары мен демеушілердің мейірімділік керуенінің республикалық форумы өтті, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының «Қымбатты Тұңғыш Президент» атты халықтық экспедициясы жобасы басталды.
Форумға Еуразия гуманитарлық институтының ПМНОК-18-01, ДОВК-18-01 топтарының студенттері және п.ғ.к., профессор м.а. Н. Нығыманова және аға оқытушы И.А. Тобағабылова қатысты.