Тәуелсіздікке 28 жыл: «Тұғыры биік Тәуелсіздік!»

2019 жылдың 28 –ші қараша күні заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы з.ғ.м. Байболатова Фатима Тулегеновна Тәуелсіздік күніне орай ЮТҚ-19-01 тобымен Тәуелсіздікке 28 жыл: “Тұғыры биік Тәуелсіздік!” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: студенттерге қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,  осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 28 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.Топ студенттері тәрбие сағатына белсенді түрде қатысып, сонымен қатар өз ойларымен бөлісті.