ҚР ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН «ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН – ТӘУЕЛСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
«Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы» 2019 жылдың 13 желтоқсанында «Педагогика» кафедрасымен бірлесе отырып ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел жұмысына «Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасының ОПҚ, «Қаржы» мамандығының студенттері, «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Еслямова А.З. және «Тарих» мамандығының «Тұран» ғылыми үйірмесінің 2 курс студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының тарихи негізін, республиканың саяси жүйесін демократияландыруды және саяси және мемлекеттік құрылымның қазақстандық моделін жетілдіруді талқылауымен жалғасты.