Еуразия гуманитарлық институты бос лауазымдарға конкурс жариялайды
Кафедра доценті: | |
Заң пәндері | 1 шт.бірлік |
Экономикалық және математикалық пәндер | 2 шт.бірлік |
Шетел тілдері | 3 шт.бірлік |
Педагогика | 5 шт.бірлік |
Кафедра аға оқытушысы: | |
Заң пәндері | 7 шт.бірлік |
Экономикалық және математикалық пәндер | 2 шт.бірлік |
Шетел тілдері | 11 шт.бірлік |
Педагогика | 4 шт.бірлік |
Қазақ және орыс филологиясы | 3 шт.бірлік |
Соңынан еңбек шарты жасалатын конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар жоғары оқу орны басшысының атына өтініш береді. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
- кадрларды есепке алудың жеке парағы;
- өмірбаян;
- жоғары білім туралы дипломдардың, академиялық және ғылыми дәрежелері, ғылыми атақ туралы құжат және салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (егер болса) және салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары;
- ғылыми еңбектердің, жарияланымдардың және өнертабыстардың тізімі (егер бар болса);
- 086 нысанындағы медициналық анықтама;
- қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- наркологиялық ұйымның конкурсқа қатысушының тіркелмегендігі туралы анықтамасы;
- үміткердің тіркелмегендігі туралы нейропсихиатриялық ұйымның анықтамасы;
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымы және т.б.), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Конкурсқа қатысуға өтініш берудің мерзімі – 2020 жылдың 6 ақпанынан 2020 жылдың 25 ақпанына дейін (конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 күнтізбелік күн).
Біздің мекенжайымыз: 010009 Нұр-Сұлтан қаласы, М. Жұмабаев даңғылы, 4, тел. 561-933, 571-225