«Ұлттық тарихтың тарланы» атты дөңгелек үстел
2020 жылдың 21-шы ақпан күні М.Әуезов атындағы қалалық орталық кітапханасында «Рухани жаңғыру» аясында тарихшы, ғалым Е.Бекмахановтың туғанына 105 жыл толуына арналған дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға Еуразия гуманитарлық институттың Тарих мамандығының 2 курс студенттері мен аға оқытушы А.З.Еслямова қатысты.
Кітапханада арнайы Е.Бекмахановқа арналған кітаптар көрмесі ұйымдастырылған. Дөңгелек үстелге Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры, Мақсат Алпысбесұлы қатысып, Бекмахановтың өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндама жасады.
Дөңгелек үстел өткізуге белсене ат салысқаны үшін кітапхана басшылығы студенттер мен аға оқытушы А.З. Еслямоваға алғыс хат тапсырды.