«Абайдың 175 жылдық мерей тойы»
Абайдың 175 жылдық мерей тойы құрметін «Педагогика» кафедрасының ұжымы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие», «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс студенттері ұйымдастырған «Абайдың педагогикалық тағылымы» тақырыбындағы танымдық – тәрбие сабағымен бастап кетті. 25 қаңтарда ұйымдастырылған кешке «Тарих», «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының студенттері мен кафедраның профессорлы – оқытушылар құрамы қатысты. Кеш барысында студенттер Абайдың педагогикалық көзқарасымен танысып, студенттер ұйымдастырған түрлі интеллектуалдық сұрақтарға жауап беріп, кезекпен Абай өлеңдерін оқыды. Кітапханамыздағы Абай еңбектерінен көрме ұйымдастырылды. Кеш соңында оқытушылармен бірлесе Абай әндерін шырқады.