Нығмет Нұрмақов – тарихи тұлға
Осы іс-шара кезінде мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовтың өмірі мен қызметіне арналған «Ел ағасы, азаматы, ардақтысы» – атты іс-шара өтті. Бұл іс-шараға Нығмет Нұрмақовтың ұрпақтары, ағайын-туыстары, мектеп ұстаздары, студенттер, магистранттар, мектеп оқушылары қатысты. Солардың арасында Н. Нұрмақовтың жиені, қоғам қайраткері, республикалық дәрежедегі зейнеткер Смағұлова Тамара Тағатқызы болды. Ол Нығмет Нұрмақовқа жеке тоқталып, оның кеңестік қызметте жүріп, қазақ халқының мүддесі үшін жан аямай еңбек еткені жайлы,ұлы халқымыздың ұлт болып дамып, ел болуында, керегесі кең, терезесі тең мемлекет болып қалыптасуындағы ролін үлкен толғаныспен әңгімелеп берді.
Н.Нұрмақовтың өнегелі өмір жолын, ғұмырын, жарқын бейнесін мәңгі еске қалдыру тұрғысында атқарылып жатқан жұмыстар бүгінде аз емес. Сондай игілікті істердің көш басында жүргендердің бірі Қарағанды қаласында орналасқан Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының ұжымы десек қателеспейміз.