Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасының доценті т.ғ.к. Қанат Сәдуақасұлы Өскембаев тарих мамандығында оқитын 3 курс студенттерімен бірге 2020 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы – белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібековпен кездесуде болды.
Еуразия гуманитарлық институтының ИК-17-01 тобының студенттері мен Астана халықаралық университеті студенттері үшін маңызды оқиғамен есте қалды. Екі жоғары оқу орнының студенттері Астана халықаралық университетінің халықаралық қатынастар кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы – белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібековпен кездесуде болды. Бұл кездесуге Елтаңба авторының өзі келіп қатысты. Жандарбек Малибековты педагогтар және студенттер өте жылы қабылдап, қошемет көрсетті.
Әңгіме барысында екі жақта кездесудің мазмұнына шынайы қызығушылық танытты. Еркін жағдайда Жандарбек Малибеков Елтаңбаның өмірге келу тарихын айтып шықты. Ал студенттер, өз кезегінде, белгілі тұлғамен өздерінің оқудағы, қоғамдық өмірдегі жетістіктерімен құмарлана бөлісіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Кездесу барысында Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков сөз алды. Ол Мемлекеттiк Елтаңбаның жасалу тарихы туралы әңгiмелеп, оның композициялық құрылымының мәнiн арнаулы видео көрініс пен презентациялар арқылы толық әңгімелеп, сипаттап берді. «Тәуелсіздік – біздің еліміздің ең қасиетті құндылығы. Бүгінде біз жас әрі егемен елміз. Біздің басты мақсатымыз бен басымдығымыз елімізді дамытып, бейбіт өмірді сақтап, халықтар достығын шынайы жүзеге асыру. Бізге өз тіліміз бен салт-дәстүрімізді дамыту қажет», – деді Ж. Мәлібеков. Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда бекітілді. Бұл күн Мемлекеттік рәміздер күні ретінде тарихымызға қалды.