Біз біргеміз!
Бірлік – біздің қасиетті туымыз екенін естен әсте шығармаған Еуразия гуманитарлық институты оқытушылары мен студенттері #бізбіргеміз челленджіне белсене қатысқан болатын! Бұл Хакім Абайдың 175 жылдығына орай, оның жүректен шыққан ойлы сөздеріне арнап өткізілген болатын. Өзінің асыл өлеңдерімен, қара сөздерімен, сонымен қатар турашылдығымен және де адамгершілігімен халықтың жүрегінен орын тапқан Хакім Абайдың ұлағатты идеялары мен асыл сөздері бүгін де адами қасиеттердің айқын үлгісі екені айдай айқын. Сонымен қоса Хакім Абай қазақтың адастырмас темірқазығы екені анық. Сайып келгенде, Абай болмысы кемеңгерліктің шыңы екені даусыз.
Берілген уақытты текке өткізбей, білімімізді еселеуге жұмсайық!
Посмотреть эту публикацию в Instagram