ЕАГИ-де қашықтықтан білім беру технологияларын іске асыру бойынша оқытушылар үшін оқыту вебинары өтті
2020 жылдың 8 сәуірінде Еуразия гуманитарлық институтында оқытушылардың оқу процесінде «OES-Вебинар», «Платонус» ААЖ платформаларын қолдануы» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарды ЕАГИ-дің бірінші проректоры А. Исмаилов ашып, ағымдағы оқу жылында институт қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыруға ішінара ауысқандығын және қазіргі уақытта онлайн оқытуды тиімді жүргізуден белгілі бір тәжірибе бар екенін атап өтті. Вебинар модераторы С.Б. Загатова білім беру платформалары онлайн дәрістер өткізуге, оқытушылар мен студенттердің чаттарын жүргізуге, студенттердің дәрістерге қатысуын, тапсырмаларды орындауын бақылауға және т.б. мүмкіндік беретіндігін айтты.
Вебинар барысында Қашықтықтан оқыту орталығының мамандары Б. Баймамыров және А.С. Темірғалиева «OES-Вебинар», «Platonus» ААЖ платформаларының оқу процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктерімен таныстырды. Сонымен қатар, қатысушылар Zoom платформасында топтық жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы ақпарат алды.
Вебинар қорытындысы бойынша оқытушылар нақты сұрақтар қойып, іс-шараның бүгінгі таңдағы тиімділігі мен маңыздылығын атап өтті.