Өндірістік практика қорытындысы бойынша бітіруші курста онлайн-конференция ұйымдастыру
15 сәуірде Еуразия гуманитарлық институтында қашықтық режимде өндірістік практика бойынша есептерді қорғауды ұйымдастыру мәселелері туралы бейнеконференция өтті. Негізгі мақсатты аудитория – кафедра меңгерушілері, өндірістік практика жетекшілері күндізігі оқу нысанының бітіруші курс студенттері.
Бейнеконференцияны бірінші проректор А.Ж. Исмаилов пен оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Қ.Ә.Ахметов ашып, қашықтық режимдегі байланыстың жаңа нысандары, шалғай аудандарда орналасқан студенттермен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Сонымен қатар, институттың академиялық саясатына өндірістік практика бойынша есептерді қорғауды ұйымдастыру бойынша енгізілген толықтыруларға назар аудартты.
Видеоконференция модераторы, Академиялық және аккредиттеу мәселелері жөніндегі департамент директоры С.Б. Загатова білім беру процесінің қашықтық формасына ауысуына байланысты қорытынды аттестаттауды өткізу мәселесіне тоқталды.
Өндірістік практика қорытындысы бойынша онлайн-конференцияны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі спикерлердің баяндамалары мен сөздері бітіруші курс студенттері мен практика жетекшілерінің қызығушылығын тудырды.
Студенттер мен практика жетекшілері практикалық есептерді нақты режимде қорғау үшін оқу порталдарының мүмкіндіктері, есеп құрылымы, оған ілеспе құжаттар және презентациялық материалдарға қойылатын талаптарды талқылады. Бейнеконференцияға қатысушылар қашықтықтан оқыту режимінде осындай іс-шараларды өткізіп тұрудың маңыздылығын айтты.