ZООМ платформасында қашықтан білім беру
23 сәуірде ЕАГИ-дің қазақ және орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «ZOOM платформасында қашықтықтан оқыту» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Онлайн семинарды модератор, академиялық мәселелер және аккредиттеу жөніндегі департамент директоры С.Б.Загатова ашып, қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту жағдайында оқытушылар өздерінің педагогикалық қызметінде қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде (WhatsApp және Telegram, Zoom, Moodle, скайп, электронды пошта және т.б.). алуан түрлі жұмыс түрлерін қолданатынын (бейне-сабақ, өзіндік жұмыс, онлайн-курстар және т.б.) атап өтті.
Қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дәуренбекова «ZOOM платформасында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» тақырыбында және ф.ғ.к., доцент Ж.Д. Маликова «Орыс тілін оқытуда ZOOM платформасындағы жұмыс ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамалары және презентацияларымен онлайн-семинарлар өткізді.
Сондай-ақ, онлайн-семинар барысында бірінші проректор А.Ж. Исмаилов пен оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Қ.Ә. Ахметов, оқытушыларға алдағы қорытынды сессия мен қорытынды мемлекеттік аттестаттауға байланысты бірқатар өзекті мәселелерді айқындап берді.