Еуразия гуманитарлық институтында «Адалдық сағаты» республикалық онлайн-акциясы өтті
2020 жылғы 1 қыркүйекте Еуразия гуманитарлық институтының студенттері Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі ұйымдастырған «Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Ясауи» тақырыбында «Адалдық сағаты» атты бірыңғай республикалық онлайн-дәріске қатысты.
Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев Қ.А. Ясауи рухани мұрасы бүкіл Орталық Азияның, атап айтқанда, Қазақстанның және барлық түркі мемлекеттерінің рухани білім жүйесін айқындағанын атап өтті.
Іс-шараның мақсаты – студент жастардың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, адалдық, парасаттылық қағидаттарын тәрбиелеу және мәдениеттің жалпы деңгейін арттыру. Ұсынылған бейнероликте студенттер Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасымен танысты, ол әділеттілік, мейірімділік, парасаттылық және ең бастысы, адалдық сияқты жалпыадамзаттық және адамгершілік құндылықтарға толы.
Онлайн-дәріс барысында XII ғасырдағы Тұран даласының ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауи әділдігінің қағидалары түсіндірілді. Түркі әлемінің дамуындағы Ясауидің рөлі сөзсіз, оның мұрасы түркі мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастардың қалыптасуында үлкен рөл атқарғаны атап өтілді.