Ақпараттық қауіпсіздік туралы онлайн-семинар
2020 жылдың 9 қыркүйегінде Zoom платформасында қызметкерлер мен оқытушыларға арналған «Еуразия гуманитарлық институтының оқу-тәрбиеүдерісінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кибер кеңістіктегі жұмыс»тақырыбында оқыту онлайн – семинары өтті.
Тәрбиежұмысыжөніндегі Проректор Я.Н. Оспанова онлайн-семинарды ашып, кездесудің мақсатын белгілеп, қызметкерлер мен оқытушыларды «ЕАГИ оқу-тәрбие үдерісіндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жоспармен» таныстырды. Сонымен қатар семинар барысында декан Т.Н.Кемайкина, заң пәндері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Қ.С. Қалдыбаев, ҚБТ орталығы басшысының орынбасары Б.А. Баймамыров, заң пәндері кафедрасының оқытушысы Ю.Н. Дрокин сөз сөйледі.
Семинарда қолданылатын білім беру платформаларының мүмкіндіктеріне, ұйымдастыру регламентіне, ЖОО Жарғысының негізгі ережелеріне және қойылатын құқықтық талаптарға сәйкес Қашықтықтан оқытудың техникалық құралдарын, әдістері мен технологияларын қолдану сипаты мен тәртібі туралы нақты түсінікке ие болатын білім беру процесіне қатысушылардың мінез-құлық ережелері талқыланды.
Семинар, ең алдымен, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұтастай алғанда, заңмен қорғалатын жеке және іскерлік тәртіп мәліметтерін қорғауға бағытталған, бұл осы бағытта әкімшілік, ұйымдастырушылық, тәрбиелік және құқықтық сипаттағы тиісті шаралар жүйесін іске асыруды көздейтін кешенді міндет болып табылады.
Семинар соңында қатысушылар әріптестеріне осы салада туындайтын түрлі мәселелерді тиімді шешуге ықпал ететін ұсынылған ақпарат үшін алғыс білдірді.