Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының бірінші курс студенттерімен кездесуі

2020 жылдың 1 қыркүйегінде экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының профессорлар-оқытушылар құрамы мен студенттері институт ұйымдастырған Білім күні мерекесіне арналған  бейнеконференцияға қатысты.

Бейнеконференциядан кейін кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Г.Д. Тажбенова Ф-20-01 тобының 1 курс студенттерін Білім күнімен құттықтап, оларды кафедра мүшелерімен, эдвайзерлер, куратор  және «Қаржыгер» атты студенттердің ғылыми клубының жетекшісі және мүшелерімен таныстырып өтті.

Соңынан Ф-20-01 оқу тобының кураторы  Т.М. Сембаев қазіргі таңдағы өзекті сұрақ болып табылатын «Инфекциялық аурулардың алдын-алу және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында онлайн кураторлық сағат өткізіп, студенттердің өз денсаулықтарына көңіл бөлуі жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.