Ашық семинар сабағы

Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 4-курс студенттеріне «Заманауи қазақ әдебиеті» пәнінен ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дәуренбекова ZOOM платформасында «Өз отыңды өшірме..» атты ашық  семинар сабақ өткізді. Сабақ барысында, М.Әуезов, Ш. Мұртаза, О. Бөкеевтің шығармаларындағы адам және қоғам мәселесі жан-жақты талданды. Cабақта Socrative, Playposit, Quizlet тәсілдері қолданылып, студенттер белсене қатысты.