Кураторлық сағат

5 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай аға оқытушы, магистр Г.С. Райнбекованың ұйымдастыруымен ҚТ-20-01 тобының студенттеріне ОЕС платформасында «Ана тілім ардағым» атты кураторлық сағат өткізілді. Студенттерге тілдің шығу тарихы, мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы ақпараттар беріліп, ақын-жазушылардың тіл туралы айтқан нақыл сөздері, өлеңдері оқылды.