Жас ақындар сайысының қорытынды марапаттауы

ЕАГИ Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен жас ақындар мүшайрасының қорытынды онлайн марапаттауы өтті. Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы жас ақындардың жазған «Ұстаздық еткен жалықпас» арнайы тақырыбы мен «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты еркін тақырыпта қалам ұштаған жас ақындардың өлеңдерін бағалап, марапаттау рәсіміне қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Іс-шараға тәрбие ісі жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова, ҚОФ кафедра меңгерушісі Дәуренбекова Л.Н., ЖІК төрайымы Н.Т. Тырнахан, ҚР Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры, ақын Д.Кәпұлы қатысып, жас ақындарға сәттілік тілеп, жыр жинағын ұсынды.

І орын – ҚТ-20-01 тобының 1 курс студенті Жаңабаева Еркеназ,

ІІ орын – ҚТ-19-01 тобының 2 курс студенті Сисенгалиев Саят,

ІІ орын – ИК-18-01 тобының 3 курс студенті Умаров Тойлыбек.

Белсенді қатысқаны үшін ЮК-18-02 тобының 3 курс студенті Әбужанов Абылайхан, ҚТ-20-01 тобының 1 курс студенті Бейбіт Мұратбек, ҚТ-20-01 тобының 1 курс студенті Әуезхан Жанерке алғыс хатпен марапатталды. Жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы  диплом, алғыс хаттар және Абайдың «Қара сөзі» жинақ кітабымен марапатталды.