«Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі» онлайн кураторлық сағат

2020 жылдың 23 қазан күні «Құқықтану» білім беру бағдарламасының ЮҚ-20-01 тобының студенттері мен топ кураторы, заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Тортаева А.Э. «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты студенттерге экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру болды. Кездесу барысында студенттерге терроризм мен экстремизм туралы түсіндірме бейнероликтер көрсетілді, ҚР қылмыстық кодексінің  273-бабы «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау» туралы айтылып, пікір алмасу болды.