ЕАГИ-де «Бірінші курсты студенттер қатарына қабылдау» салтанатты рәсіміне арналған бейнеконференция өтті
2020 жылдың 29 қазанында Еуразия гуманитарлық институтында бірінші курс студенттерін Еуразия гуманитарлық институтының студенттері қатарына қабылдау салтанатты рәсіміне арналған бейнеконференция өтті. Рәсімнің басында ЕАГИ студенттерінің әнұраны шырқалды.
Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ә. Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге оқу жолында табыс тілеп, оларды оқуға жауапкершілікпен қарауға, белсенділік пен бастамашылдық танытуға шақырды.
Бірінші проректор психология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Д. Исмаилов бірінші курс студенттерін құттықтап, оларға оқуда табыс, білімге ұмтылыс және институттың қоғамдық және ғылыми өмірінде өзін-өзі жетілдіруді тіледі. Сондай-ақ Амангелді Жақсылықұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған Жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының, пәндік студенттік олимпиадалар мен халықаралық конкурстардың қорытындысы бойынша жүлделі орындар үшін дипломдар табыстады.
Іс-шараның салтанатты рәсіміне бірінші курс студенті Абдуалиев Жансерік қатысып, дәстүрлі түрде сахнада студенттің антын үш тілде айтты. Институт деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Н. Кемайкина бірінші курс студентіне студенттік билетті табыс етті.
Сонымен қатар тәрбие ісі жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Я.Н. Оспанова, заң пәндері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Қ.С. Қалдыбаев, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Л.В. Волкова, экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Д. Тәжбенова, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Н. Дәуренбекова, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Н.Т. Нығыманова бірінші курс студенттерін айтулы күндерімен құттықтады.
Шара соңында бірінші курс студенттері үшін кәсіби әртістердің музыкалық құттықтаулары орындалды.
Барлық оқытушылар мен университет басшылығының атынан студенттерге өздерінің жаңа мәртебесін ақтауға, білім алуға және болашақ мамандыққа қажетті дағдыларды игеруге ұмтылуды тілейміз! Vivat Academia! Vivant professores!