Құттықтаймыз!

Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы 2020 жылғы 5 қарашада Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында қашықтықтан оқыту форматында өткен XII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада II орын алған құрамында Лесова Шолпан, Тулепбергенова Аймира, Түсіпова Айым, Берекеқызы Айдана атты студенттер бар 5В010200 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының командасын құттықтайды. Команда жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Нығыманова Нұрбану Төкенқызы. Алдағы уақытта табыс және жаңа биіктерге жетуді тілейміз!