Аударма саласында АТ технологияларды қолдану
2020 жылдың 13 қарашасында «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының түлектеріне арналған «Аударма ісі саласында АТ технологияларды пайдалану» тақырыбында кезекті онлайн мастер-класс өтті.
Шеберлік сабағын тілдік аудармалар орталығының директоры, ЕАГИ түлектері қауымдастығының мүшесі, жұмыс беруші Бочаров Евгений (2010 жылғы түлек) өткізді. Студенттер бүкіл әлемдегі ауызша аудармашылар қолданатын арнайы интернет бағдарламаларды, атап айтқанда KUDO, Interprefy, Interactio, Zoom, Voiceboxer және басқа бағдарламаларды пайдалануға қатысты пайдалы ақпарат алды. Сондай-ақ TRADOS, SMARTCAT, MEMOQ, MULTITERM және тағы басқа аудармашыларға арналған САТ-құралдар таныстырылды. Мастер-класс сұрақтар мен жауаптармен интерактивті режимде өтті.