Күн тәртібінде – Халықаралық студенттер күні
18 қарашада старостатта онлайн-режимде Халықаралық студенттер күнін мерекелеу аясында ЖОО қабырғасында оқуда жетістікке жетіп қана қоймай, сонымен қатар ғылыми және әлеуметтік-мәдени қызметте белсенді түрде өздерін көрсете білген бітіруші курс студенттеріне құрмет көрсетілді. ЖІК төрағасы Н.Т. Тырнахан түлектерге сөз сөйлеп, оларға табыс тілеп, алғыс хаттар табыс етті.
4 курс студенттері – «Аяла» халық билері ансамблінің солисі Серік Аяулым және қазіргі заманғы би студиясының солисі Тұрғанбаева Нұрсұлу өздерінің сөйлеген сөздерінде институт басшылығына, оқытушыларға, Жастар ісі жөніндегі комитетке 4 жыл бойы түрлі қызмет түрлерінде өз мүдделері мен армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді. Түлектер 1-курс студенттеріне институт дәстүрлерін сақтауға және студенттер қауымдастығының белсенді қатысушылары болуға өтініш және тілек білдірді!
Старостатта «сұрақ-жауап» форматында оқу үдерісінің және кәсіби практикадан өтудің түрлі аспектілеріне байланысты мәселелер талқыланды.