«Аудармашы қандай болуға тиісті»тақырыбына өткен кураторлық сағаты
Қараша айының 6 жұлдызында «Аударма ісі» мамандығының 1 курс студенттерімен «Аудармашы қандай болуға тиісті» тақырыбында топ кураторы Хасилан Фариза кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатта AI-20-01 академиялық тобының студенттері аталған тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салды. Топ старостасы Үсенбаева Севара аудармашыға қойылатын талаптар мен аударма қызметі тақырыбында презентация қорғады, топ белсендісі Әтен Аружан баяндама жасады.
Кураторлық сағат талқылаумен жалғасып, студенттер өз мамандықтарын таңдаудағы негізгі мақсаттары қандай болды, осы мамандықты толық меңгерген нағыз мамандарға берер артықшылықтары мен қандай жетістіктерге жетуге болады деген сияқты көзқарастарымен бөлісті.