Академиялық ұтқырлық
Математикалық және экономикалық пәндер кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының магистрі Мажитова Бахыт Бекежановна академиялық ұтқырлық және Тұран-Астана университетімен ынтымақтастық туралы шартты іске асыру шеңберінде 2020 жылдың қараша айында Тұран-Астана университетінің «Қаржы» білім беру бағдарламасының екінші курс студенттеріне онлайн-сабақтар өткізді. Сабақтарда «Мемлекеттің орталық банкі, оның құрылымы мен міндеттері», «ҚР Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру», «Коммерциялық банктер, олардың функциялары мен қызметін ұйымдастыру», «Коммерциялық банктердің белсенді, пассивті және комиссиялық-делдалдық операциялары», «Бағалы қағаздар нарығы», «Валюталық жүйе және валюталық қатынастар», «Халықаралық қаржы және кредиттік институттар» сияқты тақырыптар қозғалды.
Студенттер білім беру үдерісіне белсенді қатысты, жақсы кері байланыс болды, зерттелген тақырыптардың өзекті мәселелері қаралды және талқыланды.