ЕАГИ-дегі халықаралық конференция

2020 жылғы 4 желтоқсанда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан 400-ден астам ғалым қатысты. Бұл ғылыми форумға жалпы, орта кәсіптік, жоғары, қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ғылым және білім беру мекемелерінің өкілдері (Нұр-Сұлтан, Алматы, Бішкек, Мәскеу және т.б. қ.) қатысты.

Пленарлық отырыста тарих ғылымдарының докторы, академик, Еуразия гуманитарлық институтының ректоры А.Қ. Құсайыновтың, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Еуразия гуманитарлық институтының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Қ.Ә. Ахметовтің; филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Шығыстану кафедрасының профессоры. С.А. Төлеубаеваның (Қазақстан); педагогика ғылымдарының кандидаты, И.С. Тургенев атындағы Орлов мемлекеттік университетінің доценті, М.А. Федорованың (Ресей); Қырғызстан халықаралық университетінің PhD докторы А.Т. Ибраеваның (Қырғызстан); PhD докторы, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры Д. Шаматовтың (Қазақстан); заң ғылымдарының кандидаты, Еуразия гуманитарлық институтының профессоры Х.Ә. Әбішевтің (Қазақстан); республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС қолданбалы ғылыми зерттеулер бөлімінің меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты А.А.-К. Қарыбаевтың (Қазақстан); Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Шетел тілдері теориясы мен практикасы кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Ж.Д. Нұржанованың (Қазақстан) баяндамалары тыңдалды.

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша секцияларда жалғасты:

  1. Педагогика және психология.
  2. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология.
  3. Қазақ және орыс филологиясы.
  4. Шетел филологиясы және аударма ісі.
  5. Құқық.
  6. Экономика және қаржы.

Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, қатысушыларға сертификаттар берілді.

ЕАГИ ұйымдастыру комитеті