АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚЫТУДЫҢ ҮЗДІК МОДЕЛІ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен өткен «Абай шығармашылығын оқытудың үздік моделі» атты ЖОО оқытушыларының жалпыұлттық кәсіби онлайн байқауына институтымыздың доценті, филология ғылымдарының кандидаты Лаура Ноғайбекқызы Дәуренбекова қатысып, І орынды иеленді.

Лаура Ноғайбекқызына толағай шығармашылық табыс, абырой биігінен көріне беріңіз деген тілек білдіреміз!

РЕКТОРАТ