ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері «Inn & Science Asia» ғылыми-білім беру орталығының (Өскемен қ.) ұйымдастыруымен өткен «ЦИВИЛИСТ» Заңтану бойынша мақалалардың республикалық конкурсына қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша біздің студенттер бірнеше жүлделі орындарға ие болды. Үшінші курс студенттері Шуханов Рүстем, Тоқашева Тлеукеш «Ата – аналардың міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік шаралары: қазіргі заманның сын-тегеуріндерін ескере отырып түзету» атты ғылыми баяндамасы үшін 1-дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекші: з.ғ.к., доцент Е.В. Крушинская).

2-дәрежелі дипломмен келесі студенттер ғылыми баяндамалары үшін марапатталды: екінші курс студенті Баймурзинова Эльвира – «Ауыл әкімдерін тікелей сайлау: қазақстандықтар дайын ба?» (ғылыми жетекшісі з.ғ.к., доцент Е.В. Крушинская); үшінші курс студенті Мухамедьянова Асемай – «Үйлер мен ғимараттарды жалдау шартына байланысты туындайтын мәселелер мен оның шешу жолдары» (ғылыми жетекшісі з.ғ.м., аға оқытушы Г.А. Канафина).

Жаңа жеңістер мен нағыз жетістіктер тілейміз!