Күн тәртібінде – қысқы емтихан сессиясын аяқтау және 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестріне дайындық
2020 жылғы 30 желтоқсанда кезекті старостатта онлайн-режимде қысқы емтихан сессиясын аяқтау және 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестріне дайындық бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесуге тәрбие ісі жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова, декан Т.Н. Кемайкина, ЖІК төрағасы Н.Т. Тырнахан, институттың «Саналы Ұрпақ» клубының мүшелері қатысты.
Я.Н. Оспанова барлық студенттерді өздерінің конституциялық құқықтарын іске асыруға және 2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатысуға шақырды.
Н.Т. Тырнахан старостат қатысушыларын сайлауға ҚР Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен тіркелген 5 саяси партия: «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Nur Otan партиясы, «Адал» саяси партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның халықтық партиясы жіберілгені туралы хабардар етті.
Т.Н. Кемайкина қатысушыларды қысқы емтихан сессиясының аяқталуымен құттықтап, жемісті демалыс тіледі!
Старостатта «сұрақ-жауап» форматында 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу үдерісінің түрлі аспектілеріне байланысты мәселелер талқыланды.