«АСЫЛ ЖҮРЕК» КЛУБЫНЫҢ БЕЛОРУС ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ

2021 жылдың 1 ақпанында педагогика кафедрасының доценті А.Т. Аязбаева мен «Асылжүрек» клубының мүшелері «Балалар» веб-конференциясына қатысты. Абай ат. ҚазҰПУ жанындағы инклюзивті білім берудің виртуалды зертханасы ұйымдастырған «Тәуекел топтары және олардың ерекше білім беру қажеттіліктері» атты семинар-тренингі өтті. Іс-шараның спикерлері белгілі Белорус ғалымдары: Хитрюк Вера Валерьевна, Максим Танк атындағы Белорус мемлекеттік педагогикалық университетінің инклюзивті білім беру институтының директоры, п.ғ.д., доцент Феклистова Светлана Николаевна, М. Танк ат. БМПУ инклюзивті білім беру институты директорының орынбасары., п.ғ.к., арнайы педагогика кафедрасының доценті Лемех Елена Анатольевна.

Конференция қызықты және танымды болды, тыңдаушылар тәуекел тобындағы балалармен жұмыс істеудегі шетелдік тәжірибе туралы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар мен спикерлерге шығармашылық жетістіктер тілейміз!