Еуразия гуманитарлық институтында жатақханада тұратын студенттердің өмір сүру сапасына мониторинг жүргізілді
2021 жылдың 5 ақпанында «Jas Otan» ЖҚ елордалық филиалы «Astana adaldyq alany» жобалық кеңсесімен және Нұр-Сұлтан қаласы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті жанындағы арнайы мониторингтік топ мүшелерімен бірлесіп жатақханалардағы студенттердің өмір сапасын бақылау және жақсарту мақсатында Еуразия гуманитарлық институтының студенттер үйінде мониторинг өтті.