Студент жастардың өзекті мәселелерін талқылау
9.02.2021 ж. қысқы демалыстан кейін Старостат өз жұмысын қайта бастады.
Студент жастардың өзекті мәселелері талқыланды.
Байқоңыр ауданының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Сержан Есжановпен кездесу өтті. Кездесуде ұйымның мақсаттары мен міндеттері талқыланды. Студенттер өздерінің болашағына байланысты түрлі сұрақтарға жауап алды.
Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Я.Н. Оспанова ЖІК төрағасы Н.Т. Тырнаханға, институттың студенттік қоғамдық ұйымдарының көшбасшы бітіруші курс студенттеріне студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Ол жаңадан сайланған ЖІК төрағасы А.Шакенованы, студенттік бірлестіктердің жетекшілерін таныстырып, оларға белсенді, креативті және бастамашыл болуға тілек білдірді.
Студенттерді аралас және қашықтық форматта оқытуға байланысты мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Бірінші курс студенттері институттан алған әсерлерімен бөлісті. А. Адамович – «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 1-курс старостасы (ПДТ-20-01 тобы) оқытушылардың студенттерге деген құрметті қарым-қатынасын, жоғары құзыреттілігін, студенттерге де берілетін оқытушылардың оқылатын курсқа деген шынайы қызығушылығын атап өтті. К. Карпенко – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 1-курс старостасы (ПП-20-01 тобы) сабақтарда студенттер мен оқытушылардың достық атмосферасы мен серіктестік қарым-қатынасы орнағанын атап өтті. А. Жарылқасымова – «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1-курс старостасы (ШТ-20-01 тобы) бірінші курс студенттерінің нағыз СТУДЕНТ болғаны туралы ортақ пікірін білдірді.
Институттың медбикесі С.С. Рахметова СЭР регламентін сақтау, жыл сайынғы флюорографиядан өту қажеттілігін еске салды.