«Jas Otan» отырысы
2021 жылғы 12 ақпанда Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Айнұр Шакенова «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Астаналық филиалы өткізетін кеңеске қатысты.
Кеңесте алдағы жоспарлар талқыланды: жастар арасында білім, пікір, түрлі көзқарастармен алмасу. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының астаналық филиалының жастардың барлық санаттарымен белсенді жұмыс істеп, олардың жобаларын қолдауға дайын екендігі айтылды.